USD
USD
USD

Қорғаныс министрлігі: Оқ-дәрілер жанып, әлі де жарылуы мүмкін

Қорғаныс министрлігі өңірдегі инженерлік оқ-дәрі қоймасындағы ахуалға қатысты түсініктеме берді.

Қорғаныс министрлігі: Оқ-дәрілер жанып, әлі де жарылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өрттің алғашқы минутынан бастап дабыл бойынша әскери бөлімшенің өрт сөндіру командалары көтерілді, олар шынжыр табанды және дөңгелекті техникамен өртті сөндіруге кірісті. Жамбыл облысы ТЖД өрт сөндіру топтары шақырылды. Өрттің шығу себептері әлі анықталмады. Жалын тез арада оқ-дәрі сақталған қоймаларға қарай өтті. Инженерлік оқ-дәрілер – бұл табиғи (жартастар, таулар) және қолдан жасалған (ғимараттар, құрылыстар) әртүрлі нысандарды жаруға арналған. Оларды жаудың техникасы мен жұмыс күшін жару үшін де қолдануға болады. Олар: қопарғыш, фугас, жаяу әскерге қарсы және танкіге қарсы миналар, тротил және басқа да жарылғыш заттар. Өртті сөндіру мүмкін болмай, ол басқа қоймаларға қарай өтіп кетті. Салдарынан бірнеше инженерлік оқ-дәрі жарылысы орын алды. Куәгерлер видеоға түсіріп алған аспандағы іздер қоймада сақталған дабыл патрондарының өртенуінен болуы мүмкін.

Артиллериялық және реактивті оқ-дәрілерге қарағанда инженерлік оқ-дәрілерде снаряд орнатылмаған. Өрт пен жарылыс кезінде олар үлкен қопарылыс толқынын, жалын мен шу әсерін тудырады. Алайда ірі бөліктер, сынықтар мен фрагменттер жан-жаққа ұшпайды. Жарылыстар уақыт өте тоқтады, алайда өрт әлі сөнген жоқ.

Инженерлік оқ-дәрі мен жарылғыш заттар үлкен қопарылыс толқынын, жалын мен шу әсерін тудырып, жанып, жарылуы мүмкін. Әскери бөлім мен инженерлік оқ-дәрі қоймасы 1972 жылдан бері бар. Арыстағы өрттен кейін 2019 жылдан бастап қоймадағы инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігі осында жеткізілген. Бұл оқ-дәрілер жергілікті жарылыстарға арналған және алыс қашыққа ұшатын снарядтармен жабдықталмаған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар