USD
USD
USD

Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады: Еліміздің әр өңіріне жауынгерлік техника тасымалданады

Әскерлерді даярлау жоспары шеңберінде Қарулы күштерде жауынгерлік даярлық сабақтары өткізіледі, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады: Еліміздің әр өңіріне жауынгерлік техника тасымалданады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бөлімшелер практикалық оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау үшін жауынгерлік техникамен марш жасап, теміржол көлігімен еліміздің әр өңіріндегі полигондарға жеткізіледі.

Полигондарда тактикалық жаттығулар мен атыстар, күндіз де, түнде де өткізіледі. Бұл ретте әскери қызметшілердің мақсатқа сай тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауы, бөлімдердің үйлесімділігі мен қабілеті, сондай-ақ командирлердің бағынысты және сеніп тапсырылған бөлімшелерді басқара білуі бағаланады.

Осыған байланысты, азаматтардан таратылған қауесеттерге мән бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», - делінген ресми хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты