USD
USD
USD

Қорғаныс министрлігі Қостанайдағы ресейлік техникаларға қатысты жағдайды түсіндірді

ҚР Қорғаныс министрлігі ресейлік техниканың Қостанай облысындағы қозғалысына қатысты ресми мәлімдеме таратты, деп хабарлайды ведомствосының баспасөз қызметі.

Қорғаныс министрлігі Қостанайдағы ресейлік техникаларға қатысты жағдайды түсіндірді
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE.  «Қостанай облысында ресейлік техниканың қозғалысына қатысты бейнежазбада аталған техникалардың Байқоңырдан іздестіру-құтқару командаларын қамтамасыз ету бөлімшесінің легі құрамында Ресей Федерациясындағы тұрақты орналасу бекетіне қарай бағытталған сәті тіркелгенін хабарлаймыз»,-делінген хабарламада.

Бөлімше Қазақстанда биыл 14 наурыздан бастап Қостанай облысының Арқалық ауданына қонған ғарышкерлермен капсула іздестіру мақсатында орналасты.

Бұған дейін хабарланғандай, Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-21» ғарыш кемесі ұшырылды. Сондай-ақ «Союз МС – 19» әуе кемесі қонды.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов