USD
USD
USD

Қорғаныс министрлері ТМД елдерінің өңірлік қауіпсіздігі мәселелерін талқылады

Мәскеуде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті. Оған Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Мұрат Бектанов бастаған қазақстандық әскери делегация қатысты.

 Қорғаныс министрлері ТМД елдерінің өңірлік қауіпсіздігі мәселелерін талқылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Отырыс барысында әскери-саяси жағдайға және оның Достастық елдері қауіпсіздігіне ықпал етуіне, әскери білім беру мен кадр даярлау, гуманитарлық минадан тазарту, біріккен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі және оны әуе-ғарыштық қорғаныс міндеттерін шешуге бейімдеу саласындағы ынтымақтастыққа қатысты бірқатар мәселе қаралды.

Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Нұрлан Орманбетов «Өңірлік қауіпсіздік – 2022» біріккен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің бірлескен компьютерлік командалық-штабтық оқу-жаттығуы туралы баяндама жасады.

Достастық мемлекеттерінің қорғаныс министрлері 2021 жылғы Армиялық халықаралық ойындар қорытындысы туралы баяндауды тыңдап, әскери қызметшілердің әскери-кәсіби шеберлігін арттыру бойынша пікір алмасты. Отырысқа қатысушылар радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерін COVID-19-дың таралуына қарсы күресте қолдану тәжірибесін талқылады.

Одан басқа, 1991 жылдан бері 30 жыл ішіндегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы форматындағы әскери ынтымақтастық және оны перспективалық дамыту бағыттары туралы пікір алмасу болды.

Сонымен қатар, тараптар алдағы жылға арналған ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің жұмыс жоспарын және кезекті отырыстың күн тәртібін алдын ала талқылады.

Қазір оқып жатыр

Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»

Жарасбаев

«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті

Тоқаев

2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев

Мәди Такиев

Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады

Бибісара Асаубаева