Қорғаныс министрі Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты пікір білдірді
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлының бұзақылық әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы, NEGE. «Біз сот шешіміне жауапты емеспіз. Қылмыстық іс қозғалып, жіберілді. Енді сот үкімі жарияланады. Жауапкершіліктен ешкім жалтармайды. Мен қылмыстық іс бойынша түсініктеме бере алмаймын, қылмыстық қудалау органдары бар. Сондықтан сот шешім жасайды», - деді Руслан Жақсылықов Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Министрдің айтуынша, күдікке ілінген сарбаз жауапкершіліктен жалтармайды.
«Кез келген сарбаз мен үшін бірдей. Егер заң мен тәртіпті бұзса, онда жауапқа тартылады. Ешкім де жасырынып жүрген жоқ. Еліміздің заңы бар және тиісті шешім заңнамаға сәйкес жасалады», - деді Қорғаныс министрі.
Еске салсақ, Алматыда заңгер Анна Дмитриевич пен оның күйеуі Олег Чернов соққыға жығылған еді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.
Қазір оқып жатыр
26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
«Ертіс қателікті кешірмейді»: Павлодар облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасады
Футбол федерациясы «Ордабасымен» өткен матчтан кейін «Елімайды», Карповичті және төрешіні жазалады
Маусымдағы жағдай бойынша республикалық бюджет тапшылығы 1,7 трлн теңге болды