USD
USD
USD

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауазымды әскери басшыны қызметінен босатты.

Ақтаудағы сарбаз өлімі
Фото: Қорғаныс министрлігі

Астана, NEGE. Мемлекет басшысының өкімімен Қаныш Әбубәкіров қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды. Сондай-ақ қорғаныс министрінің орынбасары Алмаз Джумакеев пен Қарулы күштер Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қызметінен кетті.

Кадрлық шешімдер Қорғаныс министрлігінде кешенді тексеріс жүріп жатқан тұста қабылданып отыр. 26 қыркүйекте Тоқаев министрліктегі жағдайды, соның ішінде әскери құрылымдардың қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін тексеретін арнайы комиссия құрды. Оны Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаева басқарады.

Тексеріс Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін басталды. 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде 14 әскери қызметші қаза тапты. 25 қыркүйек елде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Оқиғаға байланысты қызметке салғырт қарау және кеме жүргізу қағидаларын бұзу баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі бес лауазымды тұлға ұсталды.

27 қыркүйекте қорғаныс министрі Дәурен Қосанов та қызметінен босатылды. Сол күні оның орнына Айдос Мырзахметов тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Перизат Қайрат

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті