USD
USD
USD

Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылған азаматтарды мәжбүрлеп әкетуге қатысты пікір білдірді

Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде тарап жатқан әскерге шақырылған азаматтарды мәжбүрлеп ұстап әкету әрекетіне қатысты пікір білдірді. 

а
Фото: egemen.kz

Алматы, NEGE. Министрлік Қазақстанда әскери қызметке шақыру белгіленген тәртіппен жыл сайын жүргізілетінін айтты. Дегенмен азаматтар жалтарып, шақыру бойынша уақытылы келмеуіне байланысты қиындықтар туындайды дейді.

"Көбінесе бұл көптеген азаматтардың тіркелген жерінде тұрмауы немесе нақты мекенжайы бойынша тіркелмеуі салдарынан болады. Шақыру қағазын өз бетінше тапсыру мүмкін болмаған жағдайда әскерге шақырылушының келуін қамтамасыз ету ішкі істер органдарына жүктеледі. Сонымен қатар кей азаматтар полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсетіп жатыр. Бұл оларды әскерге шақыру учаскесіне мәжбүрлеп жеткізуге әкеп соғады", – делінген хабарламада.

Министрліктегілер шақыру комиссиясының қызметкерлері азаматтың әскерге жарамды немесе жарамсыз екенін сол жерде шешетінін айтты.

"Егер негіз болмаса, оны үйіне жібереді. Олай болмаған жағдайда, ол медициналық тексеруден өтуге және заңда көзделген қосымша шараларға жіберіледі. Әскерге шақырудан жалтару әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз", – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

АҚШ соты 75 елдің азаматына иммиграциялық виза беруді тоқтату туралы шешімнің күшін жойды

иммиграциялық виза

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым