USD
USD
USD

Қорғаныс министрі ел азаматтарын Конститутция күнімен құттықтады

ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстан халқын Конститутция күнімен құттықтады, деп хабарлады egemen.kz.

СІМ
Фото: kaz.orda.kz

 

Алматы, NEGE. «Құрметті сарбаздар мен матростар, сержанттар мен старшиналар, офицерлер мен генералдар! Ардақты ардагерлер!

Қадірлі отандастар! Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймын!

Осыдан жиырма тоғыз жыл бұрын республикалық референдумда Қазақстан халқы жаңа Ата Заңға дауыс беріп, іргесі мықты құқықтық, демократиялық және әлеуметтік мемлекетті құру жолында тарихи қадам жасады.

Ата Заңда қазақстандық қоғамның материалдық және рухани өмірін жаңғыртудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қоғам мен мемлекетті ұйымдастырудың басты қағидаттары бекітілген. Конституция халықтың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімін нығайтып, егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепіліне айналды.Іргесі берік және шекарасы мығым мемлекет құру үшін қашанда Қарулы күштердің рөлі зор.

Қазіргі уақытта әскеріміз елімізді сыртқы қауіптерден қорғаудың және халқымыздың тыныштығын сақтаудың кепілі.

Ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қ.К. Тоқаев жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи және кәсіби армия құруға бар күш-жігерді бағыттауда.

Бүгінде Қарулы күштер заманауи техникамен, оның ішінде отандық қорғаныс өнеркәсіп кешені өнімдерімен де жарақтандырылуда. Басқару жүйесіне жаңа технологиялар мен басқарудың жаңа жүйелері белсенді түрде енгізіліп жатыр. Әскерді даярлаудың қарқыны мен сапасы артып келеді. Қазақстан жауынгерлері халықаралық оқу-жаттығулар мен жарыстарда жоғары кәсіби деңгейін көрсетіп жүр.

Қарулы күштердің барлық жеке құрамын, ардагерлерді және барлық қазақстандықтарды Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Баршаңызға зор денсаулық пен отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еліміздің гүлденіп, өркендеуі жолында жасап жатқан игі істеріңіз берекелі болсын», делінген құттықтауда.

Қазір оқып жатыр

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам

Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмыссыз деп тануға дейінгі мерзім 13 күнге ұзарады

Жұмыс іздеуші

Дастан Сәтпаев Англияда Қазақстанның U-21 құрамасымен кездесті

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы

«Мәдениет саласынан орын табар»: ІІМ орынбасары билеген полицейлерге қатысты пікір білдірді

Полиция қызметкерлері