USD
USD
USD

Қорғаныс министрі әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтауды ерекше бақылауға алды

Қорғаныс министрі әскерлерде құқықтық тәртіпті, сондай-ақ әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған шаралар жүйесін күшейтуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Сарбаз
Фото: Сәтбаев университеті

Алматы, NEGE. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев хабарлады.

«Қарулы күштерде құқық бұзушылықтарды тоқтату аясында көптеген шаралар қолданылады. Мәселен, «Жауынгерлік дос» жүйесі, яғни, әрбір келген әскери қызметшінің қасында екінші жауынгерлік досы болады. Оның басты міндеті – оны басқа бір жағымсыз жағдайлардан сақтап, қорғап жүру. Одан басқа, «Пирамида» жүйесі бар», - деді спикер.

Сонымен қатар сарбаздар «Отбасымен бейнеқоңырау» қызметі арқылы туыстарымен хабарласа алады. Әрбір бөлімде ата-аналар чаттары құрылған. Құқық бұзушылық әрекеттерінің алдын алу мақсатында әрбір әскери қызметші жүгіне алатын профилактикалық кабинеттер мен Сенім телефондары жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, қызметтік үй-жайлар, оның ішінде казарма орналасқан жер бейнекамералармен жабдықталған. Ол үшін штаттарға оператор лауазымдары енгізілген.

Қазір оқып жатыр

Жарты жылға созылған жөндеу: қытайлық көліктер сервисі неге ақсап тұр?

авто

«Қаржыландыру қысқарса, әлемде ВИЧ індеті қайта өршуі мүмкін» – БҰҰ

ВИЧ

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.