USD
USD
USD

Қорғалжынға қоқиқаздар келді

Қазақстанның биологиялық алуантүрлілікті сақтау қауымдастығының қызметкерлері Қорғалжын қорығында бірнеше мыңдаған қоқиқазды видеоға түсіріп алды.

Қорғалжынға қоқиқаздар келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстанның биологиялық алуантүрлілікті сақтау қауымдастығының қызметкерлері Қорғалжын қорығының Саумалкөл көлінен шамамен 5 мың қоқиқазды байқады. Видеодан қоқиқазбен қатар, Қазақстанның қызыл кітабына енген сұңқылдақ аққу мен ақбас үйректі де байқауға болады. Сонымен қатар жағалаудан объективке ілінбей қалған шамамен 500 ақбас тырна көзге түсті», - делінген қауымдастықтың Instagram-парақшасында жарияланған видео сипаттамасында.

Мамандардың айтуына қарағанда, жылда осы мезгілде Қорғалжын қорығына әлуан түрлі құстар ұшып келеді.

«Көктемде еріген қар су мол болып, көлдің деңгейі көтеріледі. Ал жазда су деңгейі төмендеп, әртүрлі құстар, оның ішінде қоқиқаз да ұшып келеді. Таяз көлде су тез жылынып, құстар қоректенетін балдыр мен басқа да жәндіктер жылдам көбейеді», - деп атап өтеді Қазақстанның биологиялық алуантүрлілікті сақтау қауымдастығынан.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті