Кореялық инвесторлар 30-дан астам қазақстандық жобаны қолдауға дайын
, деп хабарлайды 24.kz.
Алматы. NEGE. Отандық кәсіпкерлер шетелдік әріптестеріне өзінің бірегей жобаларын таныстырып, шарттар жасасты. Сатыбалды Абдолов пен Мұқан Сейітов Маңғыстау облысында бірегей демалыс кешенін ашуды жоспарлап жүр. Кәсіпкерлердің жобасын Оңтүстік Корея инвесторлары қолдады.
Сатыбалды Абдолов, MS CAPITAL GROUP мердігері:
- 500-ге жуық вилласы бар. Бұл проект елге көп туризмді дамытуға алдағы уақытта Қазақстанды үлкен белестерден көрсетуге қоспа проект деп есептейміз. Тараптар арасындағы келіссөздерді «KAZAKHSTAN AND KOREA» ЖШС жүргізіп жатыр. Оның өкілдері бүкіл ел бойынша бірегей жоба іздеп, Кореяның жаңа технологияларын енгізуге жәрдемдеседі.
Ержан Шатырбаев, «KAZAKHSTAN AND KOREA CO. LTD» ЖШС директоры:
- Кореядан бізде жоқ технологияларды алып келіп, осындай үлкен зауыттар салу мақсаттамыз. Сол себепті осындай форум ұйымдастырдық.
Джонг Джин Ёнг, «KAZAKHSTAN AND KOREA CO. LTD» ЖШС құрылтайшысы:
- Біз Қазақстанда бизнесті дамыту үшін кореялық инвесторларды тартамыз. Көбіне ақылды технологиялармен байланысты жобаларды іріктеп аламыз. Мәселен, ақылды жылыжайлар, жаңа технологиялар қолданылатын косметикалық зауыт ашуды көздеп отырмыз. Келер жылы Кореяда тағы бір халықаралық форум өтеді. Оған дейін "Казахстан энд Корея" компаниясы тағы бірқатар инновациялық жобаларды іздеумен айналысады. Сондай-ақ, Ресей, Беларусь елдерінің кәсіпкерлерімен бірлесу де жоспарда бар.