USD
USD
USD

Кореялық ұшақтың жазу құрылғылары апатқа 4 минут қалғанда тоқтап қалған

Бұл туралы Оңтүстік Кореяның көлік министрлігі мәлім етті, деп хабарлады ВВC.

Муан қаласы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Билік «қара жәшік» жазбаларының тоқтауына не себеп болғанын талдауды жоспарлап отыр. Әзірге ұшуды жазу құрылғылары АҚШ Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесінің зертханасына жіберілді.

2024 жылы 29 желтоқсанда Бангкоктан Муанға ұшқан Jeju Air Boeing 737-800 ұшағы құстар тобымен соқтығысқанын хабарлады, содан кейін ұшып-қону жолағына «қарнымен» қонып, тежеле алмады.

Ұшақ әуежайдың бетон қоршауына соғылып, өртеніп кеткен. Осыған дейін Оңтүстік Кореяның Муан халықаралық әуежайында бортында 181 адамы бар жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, кем дегенде 47 адам қаза тауып, тағы көп адам жараланғанын жазған болатынбыз.

Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы, вице-премьер-министр Чой Санг Мок Муан әуежайында болған ұшақ апатына байланысты бір апталық аза тұту күнін жариялады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс