USD
USD
USD

Кореяға жұмысқа орналастырып беремін деп тұрғынды алдаған алаяқ анықталды

Кентауда Кореяға жұмысқа орналастырып беремін деп тұрғынды алдаған алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кореяға жұмысқа орналастырып беремін деп тұрғынды алдаған алаяқ анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Нақтырақ айтсақ, полицияға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде арызданған. Оның айтуынша, танысы Кореяға жұмысқа орналастырып беретінін айтқан және ол үшін тұрғыннан 500 мың теңге қаражат алған. Алайда арызданушы бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Кентаулық полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған Кентау қаласының тұрғынын анықтады. Күдікті азамат жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өзіне алған. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов