6 Сәуір 10:53
...

Кореяда Азия қазақтарының екінші құрылтайы өтіп жатыр

Қ
Фото: 24.kz

Оңтүстік Кореяда Азия елдеріндегі қазақтардың екінші құрылтайы өтіп жатыр. Бұл жолы Йонин қаласына Малайзия, Жапония және Моңғолиядағы қазақ диаспораларының өкілдері бас қосты, деп мәлімдеді 24.kz.

Алматы, NEGE.  Құрылтай аясында мәдени және экономикалық ынтымақтастық жөнінде пікір алмасулар өтті. «Отандастар» қоры қазақ тіліндегі кітаптарды ала келді. Суретші әрі зергер Ақмарал Бақытова өз жұмыстарын көрсетті. Сондай-ақ белгілі әнші Светлана Айтбаева қатысушыларды қазақ зергерлік өнерімен таныстырса, этнограф Айгерім Мұсағажинова қазақтың ұлттық тағамдарының пайдалы қасиеттері туралы айтып берді. 

Құрылтайдың Хангук шетел тілдері университетінде өтуі кездейсоқ емес. Бұл жоғары оқу орнында Абай институтын ашу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Данияр Қадыров, "Отандастар қоры" КЕАҚ президенті:

Мемлекет басшысы тапсырма берген Абай институттарын шетелде ашу деп. Осы университетте қазақ тілін үйретеді. Соған байланысты осы университет пен қарым-қатынас жасап жатырмыз. Негізі ол жұмысты қолға алып іске асырамыз.

Фестиваль аясында Оңтүстік Кореяда алғаш рет қазақ тілінде шешендік өнер сайысы өтті. Оны Қазақстанның Сеулдегі Елшілігі ұйымдастырды. Финалға Хангук университетінің жеті студенті шықты. Олардың қабілетін Қазақстанның халық әртісі Қанат Айтбаев бастаған қазылар алқасы бағалады. Бірінші орынді екінші курс студенті Ли Со Ён алды.