USD
USD
USD

Корея Қазақстанда көз жұмған генерал батырының сүйегін еліне алып кетті

Корея Республикасының делегациясы бүгін Қызылордада жапон басқыншыларына қарсы корей партизандық қозғалысының батыры болған генерал Хон Бом Доның сүйегін еліне жерлеу үшін табытын туған жеріне алып кетті.

Корея Қазақстанда көз жұмған генерал батырының сүйегін еліне алып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Арнайы шарада облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, облыс әкімнің орынбасары Серік Ахмет, қала әкімінің міндетін атқарушы Бектас Нұридинов, облыстық корей этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Елена Ким мәртебелі меймандарға құрметін білдірді.

Корея Республикасының патриоттар және ардагерлер жөніндегі министрі Хван Ги Чхоль, Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг Сок, «Генерал Хон Бом До мемориалы» қорының Төрағасы У Вон Шик, актёр Чо Вон Джун Сыр жұртының қаһарман тұлғаға деген ерекше құрметі үшін ризашылығын білдірді. Бұл сапар ынтымақтастық бағытындағы екіжақты әріптестікті, достықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретінін айтып, алғысын жеткізді.

Шарада Қазақстан Республикасының сарбаздары Хон Бом Доның сүйегін табыстау рәсімін өткізіп, генералдың табытын Корея Республикасының сарбаздарына табыс етті. Іс-шараға қатысушылар Хон Бон Доның құрметіне қоштасу рәсімін жасап, бас иді.

Қазір оқып жатыр

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz

Павлодардағы колониядан Wi-Fi-роутерлері, Sony PlayStation ойын приставкасы мен смартфондар табылды

сот