USD
USD
USD

Көрерменге көп ой салған – «Пилигрим»

Алматыда «Пилигрим» қойылымының тұсауы кесілді. 

Көрерменге көп ой салған – «Пилигрим»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Эксперименталды пластикалық қойылым көрермен мен сахна арасындағы көрінбес қабырғаны бұзды. Олай дейтініміз актерлық құрам академияны оқып, кәсіби маман болмаған. Былайша айтқанда қарапайым қала тұрғындары. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған қойылым актерлары бір тоқсан бойы дайындалған. 

Қойылым негізі музыка мен биге құралған. Сахнада қозғалыс көп. 60 минутқа созылған «Пилигрим» ешнәрсені нақтыламайды. Негізгі идеяны сөзбен жеткізе салмайды. Бірақ, адам өмір жолында қилы қиындыққа, сан сынаққа кезігетінін көрсетеді. Одан шығудың басты жолы сабырлық сақтау немесе мән бермеу деп бағыт көрсетпейді. Картинаны көріп отырған көрермен өз жадын жаңғыртып, жаңаша ой түйеді. Бұл замануи театр өнерінің тағы бір шыңының көрінісі. Олай дейтініміз көрермен қойылымды бір деммен көріп, ерекше ықылас көрсетті.

Труппа 18 адамнан тұрады. Олардың қатарында көпбалалы ана, танымал суретші, банк менеджері секілді түрлі мамандық иелері бар екен. 

Спектакльдің қоюшы-режиссері – Франк Валдес. Ол Куба астанасындағы Өнер Академиясының түлегі әрі танымал биші.

Қазір оқып жатыр

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы

Қостанайда үш адам қаза тапқан жарылысқа кінәлі адам жауапкершіліктен босатылды

өрт