Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Қордайдан құбыжық табылды»

Интернетте «Қордайдағы құбыжық» атты видео белсенді тарап жатыр.

«Қордайдан құбыжық табылды»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Видеоны әлеуметтік желідегі танымал топтар жариялады. Кадрлардан басы итке, денесі адамға ұқсайтын белгісіз тіршілік иесі байқалады. Ол жолда қанжоса болып жатқан.

«Жігіттер, мына бәлені қараңдар. Ит екен деп қағып кеткенбіз. Қордай асуында қағып кеттік. Түсіп, барып қарайық десек, аяқ-қолы бар, бойы ұзын. Шок болып жатырмыз», – дейді видеодағы ер адам. 

Анықталғандай, видео монтаждалған. Бұл видео Қордайда түсірілмеген. Видеоның түпнұсқасы португал тілінде жарияланған. Желіде тарап кеткен видео бразилиялық топ жасаған контенттің бөлігі ғана: сценарий бойынша, бір топ адам қауіпті жануарға кезігеді екен. 

Мифологиялық құбыжық қуыршақты арнайы эффекттер бойынша маман Джозеф-Роф Кобаски 2020 жылы АҚШ-та қолдан жасап шығарған. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА