USD
USD
USD

Қордайда не болып жатыр?

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысына Қордай ауданындағы жағдайды баяндады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Қордайда не болып жатыр?
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Президент Қ.Тоқаев аймақтың 2020 жылғы дамуы туралы Б.Сапарбаевтың есебін тыңдады. Облыс әкімінің айтуынша, Жамбыл облысының экономикасының өсімі 102,2 процентке, инвестиция көлемі 344,1 млрд теңгеге жеткен.

«Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қордай ауданындағы ахуал жөнінде баяндалды. Облыс әкімінің айтуынша, аудандағы жағдай тұрақты. Былтыр тұрғын үй және жол құрылысы, білім беру, медицина, мәдениет және спорт  салалары бойынша жалпы құны 35,1 миллиард теңге болатын 392 жоба іске асырылған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 22 елді мекенге газ тарту, ауызсумен қамтамасыз ету және 391 шақырым жол салу жұмыстары жүргізілген. 360 пәтерлік 5 тұрғын үй салынған.  

Бердібек Сапарбаев коронавирустың келесі толқынына дайындық жөнінде айтты. Облыста жұқпалы ауру жұқтырғандар үшін 4,5 мың және жан сақтау бөлімдерінде 468 төсек-орын дайындалған. Дәрі-дәрмектің екі айлық қоры жасақталған. Қажет болған жағдайда қосымша 7 мыңға дейін медицина қызметкерлері жұмысқа тартылады.

Қордай ауданының Гвардейск ауылындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының базасында отандық иммундық препараттар шығаратын зауыттың құрылысы жүргізіліп жатыр.  

Бердібек Сапарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі апатты жағдайда тұрған және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу, бұқаралық спортпен шұғылданатын адамдардың санын 35 пайызға дейін жеткізу жоспары туралы ақпарат берді.

Мемлекет басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша облыс әкімінің жұмысына оң баға беріп, эпидемиялық ахуалды бақылауда ұстауды, инвестиция тарту және Жұмыспен қамту жол картасын тиімді жүзеге асыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды», – деп хабарлады Ақорда сайты.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

.

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров