USD
USD
USD

«Қордай» бекеті жыл соңында аяқталады

Жамбыл облысында қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қордай» өткізу бекетінің реконструкциясы жыл соңына дейін аяқталады, деп хабарлады Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қордай» бекеті жыл соңында аяқталады
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Қордай» өткізу бекетінің реконструкциясы жыл соңына дейін аяқталады», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
ИИДМ мәлімдегендей, бекет келесі жылдың өзінде тәулігіне 2500 көлік пен 23 мың адамды өткізе алады.
«Жоба ұзындығы 137 метрлік 8 жолақты қозғалыс бөлігін, өткізу терминалдарын, бақылау-өткізу пунктін, шекара қызметінің ғимараты мен өткізу бекетінің басқа да нысандарын қайта жаңартуды қарастырады. Бұдан бөлек, биыл мамандар тексеру шараларын жылдам жүзеге асыруға арналған жаңа инспекциялық тексеру кешенінің құрылыс жұмыстарын орындайды. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарына қажетті техниканың барлығы жұмылдырылып, құрылыс материалдары жеткізілген. Қайта жаңарту жұмыстарына 127 адам мен 15 техника тартылды. Өткізу бекетін реконструкциялау ауданы 3,5 га», - делінген хабарда.
Жобаның бас мердігері – «Дорстрой» ЖШС. Техникалық бақылауды «Алматы Сапа Инжиниринг» ЖШС жүзеге асырады. Жоба авторы – «Синтез» ЖШС.
«Жол-құрылыс маусымы қызған шақта «Қордай» өткізу бекеті тек жаяу жүргіншілер үшін сағат 6:00-дан 24:00-ке дейін жұмыс істейді. Автокөліктер көршілес «Қарасу», «Сортөбе» және «Ауқатты» бекеттері арқылы өткізіліп жатыр. Аталмыш өткізу бекеттеріне кіру жолдары жақсы жағдайда. Бекеттегі жөндеу жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр», - деді ИИДМ.

Қазір оқып жатыр

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек