USD
USD
USD

Көпжылдық гүлдер егу тиімді

Әл-Фараби ауданында орталық көшелерді, кіреберіс алаңдар мен саябақтарды көріктендіру жұмыстары қайта жанданды.

Көпжылдық гүлдер егу тиімді
Фото: NEGE.kz

Шымкент,  NEGE. Ауданда Қажымұқан стадионы аумағы, Қонаев, Республика және Тәуке хан даңғылдары, Рысқұлбеков, Түркістан, Желтоқсан көшелерінің бойына көпжылдық хризантема гүлі егілуде.

Көгалдандыру жұмыстары толық аяқталса, биыл аудан аумағында егілген көпжылдық гүлдер саны 18 мыңнан аспақ.

Мамандардың сөзінше, хризантема гүлі көпжылдық гүлдер тобына жатады және жылдың осы мезгілінде отырғызылады.

Одан бөлек, көктем мезгілінде 166 695 дана біржылдық цинния, шафран,бонанза, петунья, вербинья сынды гүлдер егілген болатын.

Әл-Фараби ауданын көгалданыру бойынша биылғы жоспар ауқымды. Биыл абаттандырылатын аумақтар көбейіп, гүлзарлар алаңы ұлғайтылмақ. Сәнді өсімдіктер шаһар көшелерін ажарландыра түспек.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек