USD
USD
USD

Көпқабатты үйлердің терезесінен үш бала құлады

Соңғы күндері астанада көпқабатты үйлердің терезесінен үш бала құлады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.

Көпқабатты үйлердің терезесінен үш бала құлады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 25 шілде күні сағат 17:39-да төрт жасар бала Күмісбеков көшесіндегі күтушісінің үйінде үстел арқылы терезеге мініп, 5-қабаттан автокөлікке құлады.

Күтуші бұл кезде үйінде ұйықтап жатқан. Бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Анасының баласын күтушіге қалдырып, Бурабайға қыдыруға кеткені анықталды. Сол күні сағат 19:30-да 6 жасар қыз бала Қосшығұлұлы көшесіндегі үйінде терезеге мініп, 2-қабаттан жертөленің күнқағарына құлаған.

Әкесі бұл уақытта далада жүрген. 26 шілде күні полицияның аудандық бөліміне ауруханадан 5 жасар бала түскені туралы хабар түседі. Тексеру барысында түнгі сағат 01:00 шамасында қыз баланың С. Кубрин көшесіндегі үйдің 3-қабатынан құлағаны анықталды. Бала түрлі жарақаттармен жансақтау бөлімшесіне жатқызылды.

Ата-анасы оқиға болған кезде үйде болған. Бала өз бөлмесіндегі ашық қалдырылған терезеден құлаған.

Полицияның айтуынша, жылдың басынан бері астанада 18 бала көпқабатты үйлердің терезесінен құлап, бір бала мерт болған. Полицейлер ересектерді негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Балаларды қараусыз қалдырмау керек және оларды ашық терезелердің жанында ойнатпау керек.

Антимоскиттік тордың шын мәнінде қорғамайтынын есте сақтаңыз. Терезе тұтқаларын алып тастаңыз немесе арнайы құлпы бар тұтқаларды қолданыңыз. Бекіткіштер орнатыңыз.

Балаңыздың өмірі мен денсаулығы өз қолыңызда екенін естен шығармаңыз!

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт