USD
USD
USD

Көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім қыз құтқарылды

Көкшетаулық полицейлер көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім қызды құтқарып қалды деп хабарлайды Polisia.kz. 

Көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім қыз құтқарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақпарат 9 мамыр күні сағат 16:10 шамасында ЖБО-ға келіп түсті. Қоңырау шалған адамның айтуынша, танысы Абай көшесі, 135 мекен жайындағы көпқабатты үйдің төбесіне секірмек болып көтерілген. 

Оқиға орнына патрульдік полицейлер Бейбіт Садықов пен Әділхан Қойбағар дереу келді. Алғашқылардың бірі болып полицияның тірек пунктінде болған қызметкер Нариман Нұржаксин келді. Жағдайды бірден бағалаған полицейлер ойланбастан жоғарыға қарай жүгірді.

12-қабатқа жеткен тәртіп сақшылары дереу шатырға көтеріліп, қыз балаға төмен түсуге көмектесті.

Қазір полиция қызметкерлері 2009 жылы туған кәмелетке толмаған қызды осындай шарасыз қадамға баруға не итермелегенін анықтап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе