USD
USD
USD

Көпқабатты тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Шымкент қаласында биыл коммуналдық тұрғын үй қорындағы 10 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Көпқабатты тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Олардың қатарында Нұрсат шағын ауданында орналасқан №134А, 134Б, 135А, 135Б, 135В, 212, 216, 14 және Желтоқсан көшесіндегі №19, 19А үйлер бар. Жөндеу жұмыстары барысында бұл үйлердің шатыры ауыстырылып, қасбеті жаңартылмақ.

Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланды. Мердігер мекеме анықталған жағдайда жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Айта кету керек, ағымдағы жөндеу – ғимараттар мен инженерлік жабдықтардың бөліктерін мерзімінен бұрын тозудан жүйелі және уақтылы қорғауға бағытталған бұзылудың алдын алу және ұсақ зақымданулар мен ақауларды жою жолымен жасалатын техникалық іс-шаралар кешені.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек