USD
USD
USD

Көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы қабаты опырылып қалды

Ақтауда қатты желдің салдарынан көпқабатты тұрғын үйдің қаптамасы опырылып түсті. Салдарынан газ құбыры зақымдалды. 

Көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы қабаты опырылып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін таңғы сағат 03.30-да Ақтаудың 30-шағынауданындағы тұрғын үйлердің бірінің қабырғасы құлап түсті. 

«Оқиға күндіз болса, зардап шеккендер болушы еді. Бұл үй ақпаннан бастап Меншік иелері қауымдастығының (МИҚ) басшылығына өтті, сондықтан жауапты адамды таба алмаймыз. МИҚ басшылары мен қызметкерлері уәде айтады, бірақ міндеттемелерін орындамайды», – дейді үйдің тұрғыны Сәуле.

Әкімдік мәліметінше, апат қатты желден болған. Салдарынан газ құбыры бүлінді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта оқиға орнында қала әкімінің орынбасары Серік Гусман, әкімдіктің және төтенше жағдайлар басқармасының тиісті жауапты бөлімдері, сондай-ақ Мүлік иелері бірлестігінің бірлескен тобы жұмыс істеп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық

Экс-депутат Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Татьяна Савельева