USD
USD
USD

Көпбалалы отбасыларға грант берілмек

Шығыс Қазақстан облысында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында бөлінетін гранттардың 50%-ы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілмек.

Көпбалалы отбасыларға грант берілмек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жайлы көпбалалы отбасылар мәселелері жөніндегі комиссия отырысында айтылды. Өңірде «Еңбек» бағдарламасы бойынша 676 млн теңге сомасында 1214 грант берілсе, оның ішінде көпбалалы отбасыларға 256,7 млн теңге мөлшерінде 462 грант бөлінген.

«Қалалар мен аудандардың әкімдіктері жергілікті комиссиялармен бірлесіп, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға мемлекеттік гранттар беру бойынша ауқымды жұмыс атқаруы тиіс. Бұл өте маңызды. Қазір біз бұл көрсеткішті 30%-ға жеткіздік. Бірақ менің ойымша, келесі жылға берілген гранттар үлесі 50%-дан кем болмауы тиіс», – деп атап өтті Даниал Ахметов.

ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Сұлтанованың айтуынша, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар несие бойынша қарыздарына қарамастан грант ала алады.

Атқарушылық іс жүргізу туралы заң шеңберінде сот орындаушылары, сондай-ақ банктік қызметке сәйкес екінші деңгейдегі банктер мемлекеттік жәрдемақылар есеп-шоттарынан басқа, борышкерлердің шоттарын бұғаттап тастауы мүмкін.

Осыған байланысты, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мен «Қазпочта» АҚ филиалы мемлекеттік гранттар мен қаражатты әлеуметтік карталық шоттарға – ID карталарға аудару туралы келісімге қол жеткізді.

«Көпбалалы және аз қамтылған отбасылар жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген кезде, оларға Қазпочтада шот ашу ұсынылады. Отбасына грант алуға растау келіп түскеннен кейін, жұмыспен қамту орталығы қаражатты нормативтік құжаттар шеңберінде бұғаттауға жатпайтын шотқа жібереді. Бұдан басқа, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Әділет басқармасымен бірлесіп көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан түскен өтініштерді қарау және туындаған барлық мәселелерді жедел шешу үшін меморандум жасасты. Сонымен қатар кеңес беру және сараптамалық көмек көрсету үшін Өскемен мен Семей қалаларында «Жанұя« орталықтары құрылды», – деді Айнұр Сұлтанова.

Қазір оқып жатыр

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды

Әмір Шайкежанов

Мәслихат өз отырыстарын міндетті түрде онлайн көрсету керек

мәслихат

Коллекторлар миллиардтаған теңге бюджет қаражатын жасырып қалған

ақша

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»

Қасым-Жомарт Тоқаев