Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Көпбалалы отбасылар баспаналы болды

Биыл Алматыда әлеуметтік осал топтар үшін 400-ден астам жалдамалы пәтер бөлінді.

Көпбалалы отбасылар баспаналы болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы әкімдігінің мәліметінше, биыл үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 216 адам сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтер алады. Сонымен қатар 185 көпбалалы отбасы баспаналы болады. Барлығы 401 пәтер беріледі.

Көпқабатты тұрғын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Жас қанат-2» шағынауданында салынды. Тұрғын үй кешенінде барлығы 3116 пәтер бар.

Қалған 2715 пәтер кезекте тұрғандарға жеңілдетілген несиемен беріледі.

Сондай-ақ былтыр қараша айында жасы 29-ға дейінгі жұмыс істейтін жастарға жалдамалы пәтер беруге құжаттар қабылданған болатын. Пәтерлер саны – 1050.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример