Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Көпбалалы отбасылар баспаналы болуда

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жалғасуда. «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Ана даңқы» ордендерінің иегерлері үш қабатты жаңа үйдің пәтер кілттеріне ие болды. 

Көпбалалы отбасылар баспаналы болуда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, 24 отбасы қоныс тойын тойлады. «Біз қуаныштымыз. Әрбір қазақстандықтың өз баспанасы болуын, халқымыздың бейбітшілік пен келісімде өмір сүруін тілеймін», - деді «Күміс алқа» иегері БайғанТөсекбай.

Ол 90-жылдары Моңғолиядан тарихи отанына оралған. Қазір Ботақарда аула сыпырушы болып жұмыс істейді. Ерлі-зайыпты Мұқашовтар бес бала тәрбиелеп отыр. Отағасы Қарағандыдағы зауытта еңбек етеді. Отбасылық бюджеттің бір бөлігі жалдамалы пәтердің ақысын төлеуге жұмсалды. Енді олар үйге қажетті жиһаз сатып алуды көздеп отыр.

Бұқар жырау ауданында қолжетімді тұрғын үй құрылысы ұлғайды. Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мәліметінше, 2020 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша әлеуметтік қорғалатын санаттағы 150-ден астам отбасы пәтер алды. Олардың қатарында көпбалалы отбасылар мен жетімдер бар. Биыл кезекте тұрған 200-ден астам адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық