Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көбейеді
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақыларды 8-ші және одан кейінгі балаға саралау жоспарланып отыр.
Алматы, NEGE. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында: «Көпбалалы отбасыларға табыстарына қарамастан, балалар санына қарай сараланған мөлшерде 42 500-ден 74 400 теңгеге дейін төленетін жәрдемақы енгізілді. Бұл жәрдемақы қазірдің өзінде шамамен 370 мың отбасына төленді. 2020 жылға осы мақсаттарға бюджетте 177,6 млрд теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта байқасаңыздар жеті баладан ары қарай біркелкі мөлшерде. Сондықтан, біз осы мәселені қарастырып, сегізінші және одан кейінгі балаларға да жәрдемақыны сараланған түрде төлеу мәселесін қарастырып жатырмыз. Сонда сегіз балаға 74 000 емес, 85 000, он балаға – 106 000, он бес балаға – 159 мың теңгеден төленетін болады», – деді Біржан Нұрымбетов.
Қазір оқып жатыр
Әр облыс жастар ипотекасы үшін бюджетінен 1 млрд теңге бөлу керек – «Әділет» кандидаты нақты ұсыныс айтты
Тоқаев: «Болашақ ойындары» елдер арасындағы алтын көпірге айналады
Қостанайдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 14 жастағы мүгедек бала көз жұмды
Сауда министрлігі: Wildberries-тен Қазақстанда қойма салуға ресми өтініш түскен жоқ