USD
USD
USD

Көпбалалы аналарға берілетін төлем көбейтілмек

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман мұқышев мемлекеттің көпбалалы аналарға арналған төлемді жақсартуға ниеттеніп отырғаны туралы айтты.

Көпбалалы аналарға берілетін төлем көбейтілмек
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. «Бүгінгі таңда 4 баладан асатын, 7 балаға дейін және одан көп баласы бар отбасыларға әлеуметтік төлем тағайындалады. Яғни 4 бала үшін – 16 АЕК, Кейін 7-ші балаға дейін 4 АЕК-тен тағайындалады. 8, 9, 10 балаға – 28 АЕК-тен. Бұл қазіргі заңнама бойынша жүзеге асады. Мәжіліс депуттары ұсынған өзгеріске сәйкес, 8-баладан бастап қосымша 4 АЕК тағайындалады», – деді Нариман Мұқышев кулуарда. 

Оның айтуынша, өзгеріс мақұлданған жағдайда төленетін төлем балалар санына қарай шектелмейді. «Бүгінгі таңда базада отбасыдағы ең көп бала саны – 15. Яғни осы баланың әрқайсысына 4 АЕК-тен тағайындалатын болады», – деп түсіндірді вице-министр.

Қазір оқып жатыр

Премьер-министр түнде тұрғындардың тыныштығын бұзатын көлік иелерін қамауға алуды тапсырды

Мотоцикл

Бектенов бірқатар өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары толық аяқталмағанын сынға алды

Үкімет отырысы

Сапасыз қасбет тақталарын жеткізген кәсіпкер 43,5 млн теңге шығынды төлеуге міндеттелді

Құрылыс компаниялары

Алматы тауларында ақырған аю даусынан қорыққан туристер құтқарушыларды шақырды

Аю