USD
USD
USD

Көпбалалы аналар үйлі болып жатыр

Түркістан облысы Шардара ауданы көпбалалы аналарға жағдай жасап отыр. Бұған дейін баспана тауқыметін тартып келген Қарлығаш Манаповаға ел азаматтары үш бөлмелі үйдің кілтін табыс етті.

Көпбалалы аналар үйлі болып жатыр
Фото: NEGE.kz

Ел ағалары мен жомарт кәсіпкерлер бірігіп, облыста жүзеге асырылып жатқан «Қамқорлық» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасына сауапты іс жасады.

Аталмыш шараға Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев қатысып, үйлі болған 7 балалы отбасын құттықтады. Алдағы уақытта да қоғамды ізгілікке, мейірімге жетелейтін бастамалар жалғаса береріне сенім білдірді.

Айта кетейік, өңірде «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының үйлестіруімен «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 1643 отбасы арнайы тізімге алынған. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауында тұрған бағдарлама жұртшылық тарапынан қызу қолдауға ие болды. Партия филиалы, осы салаға жауапты басқарма, аудан, қала әкімдіктері тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда.

Осы ретте Шардара ауданында да ілкімді іс бар екенін айта кеткен жөн. Қазірдің өзінде облыс аумағында 10-ға жуық отбасы баспаналы болып үлгерді. Елдің жомарт, отаншыл кәсіпкерлері игі бастамаға айрықша үлес қосуда. Бағдарлама аясында тұрғындарға азық-түлік, қаржылай және өзге де көмектер көрсетіліп жатыр. Бұл отбасыларға 1135 куратор бекітілген.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясының сайлауалды штабы Қарағандының ғылыми қауымдастығымен кездесті

.

Ұлттың өркендеуі жеке бастың мәдениетімен тікелей байланысты – Ерлан Қарин

Конституция жобасын талқылау

«Ұмай» әйелдер ипотекасы конкурссыз берілмек

Ұмай

Никол Пашинян тамызда Армения үкіметі отставкаға кететінін мәлімдеді

Никол Пашинян