USD
USD
USD

Көпбалалы аналар медициналық маска тігіп жатыр 

Үржар ауданындағы көпбалалы аналары медициналық маска тігіп, таратуда. Бұл туралы ШҚО Ақпарат орталығы хабарлайды. 

Көпбалалы аналар медициналық маска тігіп жатыр 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Үржар ауданы, Мақаншы ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Рысалды Мұхаметқалиева бастаған аналар қауымы көпшілік қауымға үлгі көрсетіп, коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында бірнеше мәрте пайдалануға болатын маскалар тігіп беретіндіндерін айтқан.

Аналардың бұл ұсынысына аудан әкімдігі бірден қолдау білдірді. Тігілген бетперделер аудандағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған аналар мен зейнеткерлерге тегін берілмек. «Елімізге келген мұндай уақытша сынақты бірге еңсереміз. Тек ауызбіршілігіміз бұзылмасын», - дейді көпбалалы ана.

Қазіргі таңда Мақаншы өңірінде Рысалды бастаған көпбалалы аналар бетперде тігу жұмыстарын бастап кетті. Жалпы, ауданда коронавирустық инфекцияның алдын-алу бойынша шұғыл әрекет ету топтары құрылып, барлық қауіпсіздік шаралары қолға алынып, жүзеге асыруда.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы Ақмолада өңірлерді дамыту бағдарламасын таныстырды

.

Daryn.online платформасына жүргізілген тексеру нәтижесінде әкімшілік іс қозғалды

дербес деректің таралуы

Алматы әкімдігінің туристік турнесіне 1 млрд теңгедей бюджет қаражаты жұмсалған

Алматы әкімді

Марқұм Ұлдананың күйеуі өтемақыны қайтаруға міндетті ме – Заңгер жауабы

дәрігер