USD
USD
USD

Көпбалалы ана жылқы өсіруді қолға алды

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына қарасты Төлеп ауылының тұрғыны нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 10 бас жылқы сатып алды.

Көпбалалы ана жылқы өсіруді қолға алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, әйел балаларын еңбекке баулып, ата кәсіпті жалғастыруды мақсат еткен отбасы кәсібінің нәсібін көріп отыр.

«Жыл басында мемлекет тарапынан ұсынылған бағдарламалардың бар екенін естідім. Сөйтіп мал шаруашылығын дамыту үшін 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында 4 пайыздық несиеге 10 бас жылқы алдым. Жолдасым темір жол саласында қызмет етеді. Мектеп жасындағы 6 ұлым бар. Олар қолдары бос уақытта жылқыларды суарып, жем-шөптерін беріп, баптайды. Қазір жылқының саны 17-ге жетті», – дейді Тойгүл Аманқосқызы.

Мал шаруашылығын қолға алған отбасы алдағы уақытта жылқының табиғи өнімдерін ауыл тұрғындарына ұсынуды жоспарлап отыр.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға