Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Көпбалалы әке: 8-қабаттан қызды құтқарған ер адамның кім екені белгілі болды

Өз өмірін қатерге тігіп, кішкентай қызды құтқарған 36 жастағы Сәбит Шонтақбаев оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды деп хабарлайды Tengrinews.

Көпбалалы әке: 8-қабаттан қызды құтқарған ер адамның кім екені белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Мен Қызылордадан жұмыс істеуге келгенмін. Құрылысшы болып, әртүрлі жұмыс істеймін. Балаларымды бағуым керек. Төрт ұл, үш қызым бар. Балалар Қызылордада тұрады. Үй жалдап, осында жұмыс істеймін", - деді Сәбит Шонтақбаев.

Ер адам жұмысқа асығып бара жатып, шығар алдында сегізінші қабатта терезеден асылып тұрған қызды көргенін айтты.

"Мен терезеден ұстанып, асылып тұрған баланы көрдім. Жалғыз ой оны құтқару болды. Сол сәтте өзімді ойлай да алмадым", - деді ол.

Ер адам ептілігі мен дене бітімі әскери карьерасына байланысты екенін түсіндірді. Бұған дейін Сәбит Шонтақбаев шекарашы болып жұмыс істеген.

"Әйелім видеоны көріпті, жарайсың деді. Қыздың ата-анасын көрмедім. Жұмысқа асығып бара жатқанмын, оны құтқарып, жетінші қабаттағы көршісіне тапсырдым. Сосын жұмысқа кеттім", - деп қосты ол.

Қазір оқып жатыр

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф

Ертісбаев пен Бапи: ҚХП мен ЖСДП бұрынғы басшыларына қатысты даулы мәселелерге жауап берді

Ертісбаев пен Бәпи