2 Қаңтар 04:30
...

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері көбейді

гендерлік саясат
Фото: ғаламтордан

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері өсті.

Алматы, NEGE. Көпбалалы отбасыларға төленетін ай сайынғы жәрдемақы енді осы  кесте бойынша белгіленеді:

  • Төрт балаға – 63 030 теңге (2024 жылы – 59 183 теңге);
  • Бес балаға – 78 798 теңге (2024 жылы – 73988 теңге);
  • Алты балаға – 94 565 теңге (2024 жылы – 88 973 теңге);
  • Жеті балаға – 110 332 теңге (2024 жылы – 103 598 теңге);
  • Сегіз және одан да көп балаға – әр бала үшін 15 728 теңгеден қосылады (2024 жылы – 14 768 теңге).

Бұл көрсеткіштердің өсуі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюымен байланысты. 2025 жылы АЕК мөлшері 3692 теңгеден 3932 теңгеге дейін артты.

«Неке және отбасы туралы» кодекске сәйкес, төрт және одан көп баласы бар, оның ішінде 23 жасқа дейін күндізгі оқу нысанында білім алатын балалары бар отбасылар көпбалалы отбасы саналады.

2024 жылдың басынан бері көпбалалы отбасыларға 390 млрд теңгеге жуық жәрдемақы төленген. Бұл қолдау отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.