USD
USD
USD

Көпбалалы отбасылардың балалары арнайы квотамен оқуға түсе алады

Ұлттық тестілеу орталығы «көпбалалы отбасы» квотасы туралы ақпарат ұсынды.

Абитурент
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасынан шыққан балалар квотасы — 5%.

Яғни, жалпы мамандыққа бөлінген гранттың 5%-ы осы квотамен беріледі.

Мысалы, 2024 жылы «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 13 735 грант бөлінген.

Оның ішінде 687 грант немесе 5%-ы көпбалалы отбасынан шыққан балаларға арналған.

«Көпбалалы отбасы» квотасы бойынша грант конкурсына қатысу үшін талапкер 18 жасқа толмауы керек.

Отбасында кәмелетке толмаған төрт бала, оның ішінде 23 жасқа толмаған күндізгі бөлімде оқитын жоо немесе колледж студенті болуы керек.

Мысалы, талапкердің өзі (18 жасқа толмаған) + 1 бала (18 жасқа толмаған) + 1 бала (18 жасқа толмаған) + 1 бала (23 жасқа толмаған күндізгі бөлімде оқитын жоо немесе колледж студенті).

Қосымша сұрақтарыңыз болса, жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына жүгінуге болады.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский