USD
USD
USD

Көп балалы аналарға қатысты үкім шықты

Алматы соты Қазақстанның демократиялық таңдауы экстремистік ұйымының мүшесі, төрт алматылыққа қатысты қылмыстық істі қарастырды. 

Көп балалы аналарға қатысты үкім шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алмалы аудандық сотында Әнуар Әшіралиев, Оксана Шевчук, Гүлзипа Джаукерова және Жазира Демеуоваға қатысты іс қаралды.  Іс құжаттары бойынша, биыл наурыз-мамырда айыпталушылар бірнеше рет ҚДТ идеясы мен қозғалысын қолдауға бағытталған рұқсат етілмеген митингіге қатысқан. Айта кетейік, айыпталушылар бұл экстремистік қозғалыс екенін білген.  «Олар Қазақстан билігіне теріс пікір білдіріп, ҚДТ көшбасшысы Мұхтар Әбләзов ұсынған талаптарды қойған. 2019 жылы мамырда айыпталушылар саяси тұтқындарды қолдау мақсатында ролик түсіріп, видео Әбләзовтің Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, айыпталушылар өз кінәсін мойындамаған. Айыпталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен және сот-психологиялық-филологиялық сараптаманың қорытындысымен дәлелденген. Сонымен қатар, дәлелдер митингідегі бейнелерді және іздеу жазбаларын қарау барысында анықталған. Сотталушылардың үйінен ҚДТ-ға қатысы бар парақшалар табылған. «Үкім шығаруды жеңілдететін жағдай ретінде, сотталушылардың ішінде кәмелетке толмаған балалардың және Әшірәлиев үшінші топтағы мүгедек екені ескерілді. Сот шешімі бойынша, Шевчук, Демеуова, Джаукерова және Әшірәлиев Қылмыстық кодекстің 405-бабы бойынша сотталды», – дейді сот өкілдері.  Сот айыпталушыларды бір жыл бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, оларға екі жыл бойы қоғамдық бірлестіктерде жұмыс істеуге тыйым салынды. 

Еске салайық, 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданының соты Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысын экстремистік деп танылып, бүкіл Қазақстан бойынша тыйым салынған.

 

 

Қазір оқып жатыр

Мұнай бағасы тағы өсті

Мұнай

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи

«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы

мұрат әбен

Ескертуді елеместен Таяу Шығысқа кеткен қазақстандықтар жауапқа тартыла ма?

Әлібек Қуантыров