USD
USD
USD

Конституциялық заң жобасына елорданың атын Астана деп өзгерту туралы ұсыныс енгізілді

Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім.

Конституциялық заң жобасына елорданың атын Астана деп өзгерту туралы ұсыныс енгізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл ұсынысқа қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай фейсбук парақшасында пікір білдірді. 

- Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді, деп жазды Руслан Желдібай. 

Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді.

- Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа да нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс, - деп пікір қалдырды президенттің баспасөз хатшысы. 

Қазір оқып жатыр

ЖСДП бензин сапасын бақылауды күшейтуді ұсынды

бензин сапасы

ОСИ төрағалары бұрынғы басшыға тәуелді болып қалуы мүмкін – Смышляева

Екатерина Смышляева

«40 млн теңге материалдық сыйақы алған»: Көлік саласындағы екі шенеунік қамауға алынды

шенеунік ұсталды

Under Armour Қазақстан ұлттық құрамасының жасанды формасын әзірлегендерді анықтауға кірісті

Ұлттық құрама