USD
USD
USD

Конституциялық сотқа жүгіну кезіндегі мемлекеттік баж салығы алынып тасталмақ

21 мамыр күні Мәжіліс депутаттары Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Конституциялық сот
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Депутат Ерлан Стамбековтің мәлімдеуінше, заң жобасы 15 наурыздағы Республикалық референдумның қорытындысы бойынша жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістерді, сондай-ақ «Конституциялық сот туралы» заңға енгізілген түзетулерді іске асыруға бағытталған. 

Оның айтуынша, құжатқа мынадай түзетулер енгізу көзделген: 

  • Құқықтық реттеудің мәнін өзгертпей, жекелеген нормалардың редакциясын техникалық тұрғыдан нақтылау және біріздендіру. Атап айтқанда, «шетелдік» терминін «шетелдік азамат» ұғымымен алмастыру, «тенге» сөзін «теңге» нұсқасына келтіру, сондай-ақ аумақ атауларын көрсету тәртібін астанаға басымдық бере отырып реттеу ұсынылған.
  • Салық заңнамасындағы институционалдық атауларды жаңа конституциялық модельге сәйкес келтіру қарастырылған. Осыған байланысты «Парламент» атауы «Құрылтай» атауымен ауыстырылып, жаңадан «Қазақстан Халық Кеңесі» институты енгізіледі.
  • Азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциялық сотына жүгінуі кезінде төленетін мемлекеттік бажды алып тастау көзделген.

Сондай-ақ құжатта заң шығару техникасы тұрғысынан жекелеген нормалардың тұжырымдарды нақтыланбақ. 

Қазір оқып жатыр

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер

Тәлімгерлікке ден қойып, оқушылармен тікелей жұмыс істеуі үшін ұстаздардың уақыты болуға тиіс – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Доңға кен орнындағы көпжылдық дау реттелді: Қазақстанға өтемақы төленеді

Доңға кен орны

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол