USD
USD
USD

Конституцияға Президент өкілеттігі бойынша өгерістер енгізіледі

ҚР Әділет министрі Қанат Мусин Президент Жолдауы аясында заңнамаға қандай өзгерістер енгізілетінін айтты.

Конституцияға Президент өкілеттігі бойынша өгерістер енгізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысы өзінің 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауында саяси реформалардың 10 негізгі бағытын белгіледі. Бүгінгі күні осы Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың жобасы әзірленді», - деген министр Жолдау аясында қолға алынатынын нормативтік шараларды атады.

Атап айтсақ, Конституцияға:

- Президент өкілеттігі,

- оның лауазымда болуына байланысты шектеулер,

- Орталық сайлау комиссиясының, Есеп Комитетінің, Конституциялық Кеңестің төрағалары мен мүшелерінің саяси партиялардан шығуы,

- Парламент Сенаты мен Мәжілісін қалыптастыру тәртібі және оның функциялары,

- Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетін Жоғары Аудиторлық Палатаға қайта құру,

- мәслихаттарды қалыптастыру тәртібі,

- азаматтардың, Бас прокурордың және адам құқықтары жөніндегі уәкілдің де өтініш жасауына мүмкіндік бере отырып, Конституциялық Сот құру,

- өлім жазасын жою туралы шешімді Конституцияда бекіту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу шаралары қабылданады.

«Осы блок бойынша заң жобасын әзірлеу 2022 жылғы сәуірде жоспарлануда», - деді Қанат Мусин.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері