USD
USD
USD

Конституцияда сөз бостандығының шегі нақтыланбақ

Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия отырысында Мәжіліс депутаты  мәлімдеді.

gov.kz
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Оның айтуынша, Конституцияға сөз бостандығына қатысты қосымша шектеу енгізілмек: сөз бостандығы өзге адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, қоғамның рухани-ұлттық құндылықтарына және қоғамдық тәртіпке нұқсан келтірмеуі тиіс. Сондай-ақ зорлық-зомбылықты, соғысты және араздықты насихаттауға тыйым салу тізілімі кеңейтіледі.

Сонымен қатар азаматтардың бейбіт жиналыстар өткізу құқығына қатысты да өзгерістер енгізілмек. Депутат бұл құқық заңмен қандай жағдайларда шектелуі мүмкін екенін нақтылады.

«Тізімге конституциялық құрылыстың негіздерін қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтар жүйесі енгізіледі», – деді Имашева.

Сондай-ақ президент мерзімінен бұрын қызметтен кеткен жағдайда сайлау күнін Құрылтай жариялайтыны нақталынған. Ұсынысқа сәйкес, мемлекет басшысы қайтыс болған, импичмент жарияланған немесе өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде Құрылтай 7 күн ішінде президенттік сайлау өткізілетіні туралы хабарлауға тиіс болмақ.

Қазір оқып жатыр

14 қыркүйектен бастап тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың деректері тексерілмек

Отбасы банк

Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Дұғам қабыл болды»: Бақытжан Базарбек жол апатында зардап шеккен жігіттің қазіргі жағдайын айтты

Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен адам есін жиды

Алматы – Қорғас тас жолында мас күйде жол апатын жасап, үш адамның өмірін қиған жүргізуші 10 жылға сотталды

Алматы – Қорғас тас жолындағы жол апаты