USD
USD
USD

Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем кубогында үшінші орын алды

Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем кубогының жалпы есебінде үшінші орын алды.

Конькимен жүгіру
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде біздің спортшылар командалық спринтте бесінші болып мәреге жетті.

Аталмыш дисциплинада өткен үш кезеңнің қорытындысы бойынша Надежда Морозова, Кристина Силаева және Дарья Важенина жалпы есепте үшінші орынға ие болды.

Бірінші орынды Польша құрамасы жеңіп алды. Күміс медаль Канада спортшыларына бұйырды.

Айта кетейік, бұған дейін Польшада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Евгений Кошкин 500 метр қашықтықта алтын медаль жеңіп алған еді.

Қазір оқып жатыр

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу

Азиада алтынынан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тарту етілді

Ясмина Тоқсанбаева

Тоқаев «күйсандық», «қылтима» сөздерінің қазақша аудармасына күмән келтірді

Тоқаев