USD
USD
USD

Қоңқабаев WBA рейтингінде төртінші сатыға көтерілді

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев WBA Gold белбеуін жеңіп алғаннан кейін Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының (WBA) рейтингінде төртінші сатыға көтерілді, – деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Қоңқабаев WBA рейтингінде төртінші сатыға көтерілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2021 жылдың желтоқсан айында Қоңқабаев ұлыбританиялық боксшы Стивен Уордпен (13-2, 4 КО) кездесіп, жеңіске жетті. Бұл айқаста отандасымыз бірінші ауыр салмақта WBA Gold жеңіп алды. 

Осы жекпе-жектен кейін Қамшыбек WBA рейтингінде 9-орыннан 4-сатыға көтерілді. Ал аталған салмақтың үздік үштігінде (25-2, 23 КО), Алексей Егоров (11-0, 7 КО) және Баду Джек (25-3-3, 15 КО) жайғасқан. 

Еске салайық, Уордпен кездесу Қоңқабаев үшін Олимпиада ойындарынан кейінгі бірінші айқасы болатын. Токиодағы ойындарда ол қола жүлде иеленген еді. Кәсіпқой бокста қазақстандық боксшы төрт кездесу өткізіп, барлығында мерейі үстем болды.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан