Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Көңіл көтеру орындары карантин талаптарын елемейді  

  Елорданың көңіл көтеру орындары карантиндік шектеулерге қарамастан, талаптарды бұзуды жалғастыруда.

Көңіл көтеру орындары карантин талаптарын елемейді  
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәселен, Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкерлері рейд барысында сағат 23.35-те келушілерді қабылдап, ішімдік ұсынуды жалғастырған «Текила» мейрамханасын анықтады. Тексеру нәтижесінде полицейлер мейрамханада көңіл көтеріп отырған 36 адамды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартты. Шектеу шараларының бұзылуына жол берген мейрамхана иесіне қатысты да әкімшілік шара қабылданды.

«Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті карантин уақытында жұмыс істеуіне тыйым салынған көңіл көтеру орнына бару арқылы өзіңіздің ғана емес, төңіректегі адамдардың да өміріне қауіп төндіретініңізді ескертеді. Полицейлер карантин шараларын бұзғаны үшін жауапкершіліктің бар екендігін ескертіп, санитарлық нормаларды сақтауға шақырады», –  деді ведомстводан. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін елордадағы «Алания» түнгі клубы карантин режимін бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Келушілерге де айыппұл салынған еді. Алайда, аталған клуб тарапынан карантин талаптарын бұзу жиілеп кетуіне байланысты оның әкімшісі қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда әкімдіктердің біржолғы төлемін кім алатынын енді ЖИ анықтайды

көмек

Қазақстанда Egov 3.0 порталы іске қосылды

eGov Mobile

Колумбияда жойқын жер сілкінісі болып, төтенше жағдай жарияланды

жер сілкінісі

Қазақстанда медициналық қызметтерді ҚҚС-тан босату ұсынылды

диагностика