USD
USD
USD

«Көңіл көтергіміз келді»: Шымкентте түнгі клубқа келушілердің шұлықтарынан есірткі табылды

Шымкентте полицейлер түнгі клубқа келушілердің шұлықтарынан есірткі тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Көңіл көтергіміз келді»: Шымкентте түнгі клубқа келушілердің шұлықтарынан есірткі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Рейдтік іс-шаралар барысында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаладағы түнгі клубтардың бірінің кіреберісінде тыйым салынған заттар бар деген күдікпен екі жасты тоқтатқан. Тексеру нәтижесінде 22 жастағы бойжеткеннен ұнтақты заты бар шағын полиэтилен пакеті табылды.

Тәртіп сақшылары дәл осындай ұнтақты оның 19 жастағы досынан да тапты. Олар есірткінің бір реттік дозасын қолданып көру мақсатында шұлықтарына жасырған.

Сараптама қорытындысы тәркіленген заттардың мефедрон екенін растады. Ұсталғандар өз жауабында есірткіні көшеден тауып алып, клубта көңіл көтеру үшін алып келгенін көрсетті.

Аталған жайт Әл-Фараби АПБ-да ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша тіркелді. Күдіктілерге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс