USD
USD
USD

Қонақ үйде мерекелік шара өткізгендер ұсталып қалды

Карантин режимін бұзып, Шымкентте “Мудрая Сова” қонақ үйінде мерекелік іс-шара өтіп жатқандығы анықталды, – деп хабарлайды

Қонақ үйде мерекелік шара өткізгендер ұсталып қалды
Фото: NEGE.kz

Polisia.kz.

Алматы, NEGE.  2020 жылдың 3 тамыз күні сағат 20:30 шамасында, Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары, Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігінің қызметкерлері және Шымкент қаласы Қаратау аудандық Тауарлармен мен көрсетілетін қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлерінен құралған мобильді топ Қаратау ауданында жедел профилактикалық іс-шараларын жүргізді. Шара барысында Шымкент қаласы, Қаратау ауданы Нұртас мөлтек ауданы Шұғыла көшесінің бойында орналасқан “Мудрая Сова” қонақ үйінде мерекелік іс-шара өтіп жатқанын анықтады. Осы бойынша аталған демалыс орнында мерекелік іс-шара өткізіп жатқан тұлғалардың жеке басын анықтау мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық Полиция басқармасына жеткізіп, түсініктемелері мен қол-саусақ іздері алынды. ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен әкімшілік жауапқа тарту мақсатында жинақталған іс-құжаттар Шымкент қаласы Қаратау аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны