USD
USD
USD

Қонаевта баланың көзінше мысықты өлтірген ер адамға үкім шықты

Қонаев қаласының соты баланың көзінше мысықты өлтірген қала тұрғынына үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қонаевта баланың көзінше мысықты өлтірген ер адамға үкім шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Прокуратура қылмыс болған дүкенге кіреберістегі бақылау камерасынан бейнежазбаны алдыртқан.

Онда мас ер адам мысықпен ойнап тұрған балаға жақындап, кейін жануарды тепкілегені көрінеді. Мысық қабырғаға соғылып барып өледі. Ал ер адам кетіп қалған.

Алматы облысының прокуратурасы Қазақстанда жануарларға қатыгездік көрсеткендерге жаза күшейгенін айтты. Қылмыстық кодекстің 316-бабының 3-бөлігі бойынша көпшілік орында және балалардың көзінше жасалған мұндай әрекеттер үшін бір жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Кінәлі анықталды. Ол қаладағы кәсіпорындарының бірінде жұмыс істейтін және балалары бар Қонаев қаласының 38 жастағы тұрғыны болып шықты.

"Ол мас күйінде үй жануарын себепсіз ұрып-соғып, кейін қатты өкінген. Қонаев прокуроры Айдос Шорманов азамат Қ. (1984 жылы туған) кінәсін мойындап, мұнысына өкініп отырғанын ескеріп, сотталушыға бас бостандығын алты ай мерзімге шектеу түрінде жаза беруді сұрады", - дейді Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сот прокурордың ұсынысын қолдап, кінәліге осы жазаны кесті.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу