USD
USD
USD

Қонаевта түнде қатты жел соғып, үйлердің шатыры ұшып кетті

Қатты жел салдарынан қаладағы кейбір шағынаудандарда жарық сөніп қалған.

жел
Фото: instagram/gres_big_family

Астана, NEGE. Қала әкімдігінің хабарлауынша, Қонаевта 8 ақпаннан 9 ақпанға қараған түні қатты жел соққан. Осыған байланысты қалада жедел штаб құрылды.

«Түнгі уақыттан бері коммуналдық қызмет көрсетуші компаниялар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Инженерлік желілерде ақаулар шығып, тұрғын үйлердің шатыры ұшып, жеңіл конструкцияларға зақым келді. Түнде құлаған ағаштар мен жеңіл конструкциялардан тазарту жұмыстары жүргізілді, бұл қызмет әлі де жалғасып жатыр», – делінген хабарламада. 

Қалада 1-11-сынып оқушылары түгелдей қашықтан оқуға көшірілді.

Қала әкімі Асхат Бердіханов ТҮКШ бөлімінің мамандарымен жиын өткізіп, боран салдарын жою бойынша тапсырмалар берді. Ол зардап шеккен адамдарға заң аясында көмек көрсетілетінін атап өтті. 

Әкімдік өкілдері тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрап, барлық жағдай бойынша 109 қызметіне хабарласуға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Референдум

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

.

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Маңғыстау облысы

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

Референдум