Қонаевта өнеркәсіп орындары 19,8 млрд теңгеге өнім өндірді

Қонаев қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі әлеуметтік-экономикалық дамудың үш айлық көрсеткіштерімен бөлісті.
Алматы, NEGE. Ақпаратқа сүйенсек, 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында қаладағы өндіріс орындары 19,8 млрд теңгеге өнім өндірді. Негізгі капиталға 6,6 млрд теңге инвестиция тартылды.
«Қала және ауылдық округ аумағында 7340 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. Онда 16 930 адам жұмыспен қамтылған. Есепті кезеңде 64,7 млрд теңгеге өнім өндіріліп, қызмет көрсетілді. Бөлшек сауда айналымы 8,9 млрд теңге, нақты көлем индексі 125,7% болды», – делінген мәліметте.
Басқа да салаларға тоқталсақ, жұмысқа орналасуға көмек сұрап, өтініш білдірген азаматтардың саны 854 адамға жетті, оның ішінде 351-і жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамту көрсеткіші 45,3%. Есепті кезеңнің аяғында 992 адам жұмыссыз ретінде тіркелді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 3,3млрд теңге, нақты көлем индексі – 100,6%.
Ірі қара мал бас саны – 7,0% , жылқы бас саны – 2,2 %, ет өндіру – 0,3 %, сүт өнімділігі 4,4% өсті, жұмыртқа шығымы 100%.
2025 жылы 8150,6 гектар егістік алқаптары игерілді. Егіс алқаптарының құрылымында көп үлесті жоғары рентабельді дақылдар алып отыр. Оның ішінде: дәнді дақылдар – 3073,0 га, майлы дақылдар – 533,0 га, көкөністер –529,2 га, жем-шөп – 3626,2 га, картоп және бақша дақылдары 389,2 га егілді.
2025 жылдың қантар-ақпан айларында туу көрсеткіші – 3,6%, табиғи өсім 156 адамға жетті. Ана өлімі тіркелмеген.
Жыл басынан бері 6,587 мың ш.м. тұрғын үй қолданысқа берілді немесе 2024 жылмен салыстырғанда 107,0%. Құрылыс жұмыстарының көлемі – 2,9 млрд.теңге.
Сонымен қатар өңірде 161 қылмыс тіркелді. Қылмысты ашу көрсеткіші 90,9% (2024 ж. – 83,9%).
Бұл көрсеткіштерді жоғарылату мақсатындағы жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асады.