USD
USD
USD

Қонаевта «Бауырсақ пати» шарасы өтті

Қонаевта кітапханашылар бір күнде екі тонна бауырсақ пісірді, деп хабарлады Sputnik.

Пати
Фото: tirshilik-tynysy.kz

 

Алматы, NEGE. Алматы облысы Қонаев қаласы мен қалаға қарасты округтерде бір күнде 2000 кг бауырсақ пісіріліп, тегін таратылды. Наурыз мерекесінде бұл игі шараны Қонаев қалалық кітапханасы ұйымдастырған.

Кітапханашылардың басты мақсаты - қазақ елінің ұлттық дәстүрін, қонақжайлығы мен мейірімділігін дәріптеу, айналадағыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ыстық бауырсақ арқылы ыстық ықылас, жылы лебіздерін сездіру.

"Мерекеден бұрынғы 10 күндік кезінде "біз кітапханашылар бауырсақ пірісеміз" деген идеяны ұсындық. Оны қалалық мәдениет саласы қолдады", - дейді Қонаев қалалық кітапханасының директоры Айгүл Ақтанова.

«Алғаш 50 кг ұн алдық, сосын 25 кг ұн сатып алдық. Өте бір қызықты шара болды. Ал Қонаев қаласы елді мекендерін қосқанда барлығы 2000 кг, яғни 2 тонна бауырсақ пісірілді», - дейді кітапханашылар.

Кітапхананың үлкен қақпасы айқара ашылып, ары-бері өткен тұрғындарды дәмнен ауыз тиюге, қазақтың бауырсағын жеуге шақырған. Шараға қатысушылар ыстық бауырсақпен қатар самаурынның ыстық шәйін ішіп, қымыз, шұбат, құрт-ірімшік секілді қазақтың ұлттық тағамдарынан да дәм татты.

Қазір оқып жатыр

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев

Шымкентте 39 жастағы ер адам көршісін балалардың көзінше өлімші етіп сабап, оқиға орнынан кетіп қалған

ұрлық

«Қазақстанға Алланың азабы керек»: желіде халқына қарғыс тілеген мұғалім кешірім сұрады

желіде пікір білдірген мұғалім кешірім сұрады