Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қонаевқа орнатылған ескерткіштің авторы кім?

Алматы облысында Қазақ КСР Компартиясы ОК бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевқа арналып орынатылған ескерткіш сынына әкімдік жауап берді.

Қонаевқа орнатылған ескерткіштің авторы кім?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай, бұл мәселе бойынша арнайы топ құрылған.

"Д.А. Қонаев ескерткішінің кемшіліктерін, ескерткішті орнату тәртібінің бұзылуын анықтау үшін Балқаш ауданының Бақанас ауылына жұмыс тобы жіберілді. Оның құрамына облыстық тарихи мұра ескерткіштері орталығының директоры, басқарма бөлімінің басшысы, Жазушылар одағының мүшесі, облыстық галереяның директоры, Алматыдан келген тәуелсіз сарапшы мүсінші кірді", - деп хабарлады Облыстың мәдениет басқармасынан.

Мүсін авторы мен тапсырыс берушінің аты да белгілі болды.

"Мүсінші - Бейсенов Алтай Исатайұлы.

Тапсырыс берушілер - Д. А. Қонаев атындағы "Соупа" қоғамдық-қайырымдылық қоры және Балқаш аудандық "Д. А. Қонаевтың 100 жылдығы" қоры. Қаржыландыру көзі: демеушілік қаражат", - деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.

Еске сала кетейік, ескерткішті желі қолданушылары сынға алған болатын. Наразылардың арасында Қонаевтың туыстары да болды.

Қазір оқып жатыр

3 млрд теңге залал келген: Астанада жоқ пәтерлерді сатқан төрт адам сотталды

кісі өлімі

Тоқаев көрнекті ғалым Тұрсын Жұртбайды I дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Тоқаев, Жұртбай

Астанада баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті: полиция қылмыстық іс қозғады

қылмыстық іс

Астанадағы басты көпірдің қозғалысы бір аптаға шектеледі

Арқар көпірі